
Өскеменде 8 жастағы қыз екі есік арасына қысылып қалған
Фото: видеодан кадр Өскеменде 8 жастағы қыз есіктер арасына қысылып қалған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Протозанов көшесіндегі бір үйдің тұрғындары балалардың көмекке шақырған дауысын естіген. Кішкентай қыз екі есіктің арасында қалып қойғаны белгілі болды. Көршілері құтқарушыларды көмекке шақырған. Мамандандырылған отряд қызметкері Арнат Қасенов баламен әңгімелесіп, оны тыныштандырып, бір мезгілде құлыпты…