Тоқаев: Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Мен жуырда Үрімжіге бардым. Жалпы Қазақстанның Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың…