Ерке Есмахан күйеуімен не үшін ренжісетінін айтты

Instagram-да оқырмандарының бірі өнер иесінен жолдасы екеуі қаншалықты жиі ренжісетінін сұраған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  Әншінің сөзіне қарағанда, Райым екеуі өзара түсіністікте өмір сүреді. «Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады, кейде Райымның қызғанышы кеп қалады. Басқа кезде бақыт, сыйластық және махаббат», — деп жауап қатты әнші. Фото: erke_esmahan

Толық оқу

«Келін міндетті» дегенді қояйық»: Ерке Есмахан ене мен келін тақырыбын қозғады

Танымал әнші Ерке Есмахан келін мен ененің қарым-қатынасына қатысты ойын бөлісті. Өнер иесі келін де, ене де мінсіз емес деген пікірді алға тартты. “Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы «келінім оңбады, сендей болғанда ғой» деп, келіндер жағы «енеммен сыйыса алмаймын, сыйлық сыйламаймын» деп жазып жатыр. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы…

Толық оқу

«Күйеуге сәтті шығып алдым»: Ерке Есмахан жеке өмірі, шығармашылығы туралы айтты

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сауалына жауап бере отырып, өзі жайлы жағымсыз ақпаратты қалай қабылдайтынын айтты, – деп жазды Qazaq.today. Өнер иесі жағымсыз әңгімеге мән бермейтін болып шықты. «Менің байқағаным, интернетте адамдар мені неғұрлым жамандап, ғайбат айтса, менің өмірім, отбасым соғұрлым берекелі, бақытты, бай бола береді екен. Сондықтан мені жамандайтындарға, өсек айтатындарға дым…

Толық оқу

«Ауырып, жаман болып қалдым»: Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты

Әнші Ерке Есмаханның әлеуметтік желідегі парақшасында суық тиіп, сырқаттанып қалғанын айтты, — деп жазды Qazaq.today. Айтуынша, екі күн бойы ауырған. «Қалайсыздар? Аман-есен жүріп жатырсыздар ма? Мен деген 2 күн ауырып, жаман болып қалдым. Анам, ағам, тәрбиешім, күйеуім жабылып жүріп денемдегі суықты қуып шықты. Қазақтың емі күшті ғой», — деп жазды әнші.

Толық оқу