Мамасының баласы дейді, әлемді мойындатсам да, әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын – Елдос Сметов
Спортшы «Мамасының баласы» деп айыптайтындарға жауап берді Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов демалыста Қарағандыға барды. Аралас жекпе-жектен NAIZA турнирінің құрметті қонағы болды. Сондай-ақ Арқадағы белгілі спортшылар чемпионды кезек-кезек күтіп, қонақ қылды. Арасында ат мінгізіп, шапан жапқандары бар. Желіде Елдос Сметовтің сол отырыстардың бірінде анасы, әйелдер туралы айтқаны желіде тарап кетті. «Балаң жақсы болса жердің үсті…