Ақмола облысында экс-полицей мемлекетке 400 млн теңге шығын келтірген
Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеген бұрынғы полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі. Қылмыстық істі агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 көлік заңсыз есепке қойылған. Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге залал келген. «Қылмысты…