Қазіргі және экс-президенттерге қатысты қандай мәліметтер құпияланады: Әділет министрі түсінік берді
Қазақстанда «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қазіргі және экс-президенттер мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты кейбір мәліметтер құпия саналады. Алайда Әділет министрі Азамат Есқараев бұл тақырыпқа қатысты нақты ақпарат беруден жалтарып, журналистер қойған сұрақтарға толыққанды жауап бермеді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Құпияланатын мәліметтер: не белгілі? Жуырда Сенат мақұлдаған заң жобасына сәйкес, мемлекеттік…