Көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспар бекітілді
Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Жоспарды Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today. Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және басқа да бағытталған жүйелі шараларды іске асыруды…