Дәрігерлер қыздардың пәк немесе пәк емес екенін білуі керек – министрлікте пікір екіге жарылды
Вице-министрдің бұл пікірі денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың пайымына кереғар. ҚазҰУ-дың «пәк қыздар» тізімі жарияланып, жанжал туғаннан кейін министр ведомство қажетсіз тізімдерді, оның ішінде қазақстандықтардың интимдік статусын сұраудан бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген. Вице-министрдің айтуынша, медициналық деректерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды. – Егер студенттердің гастрит, уролития туралы басқа диагнозы жайлы ақпарат тараса, мұндай сұрақтар туындар…