Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша іс басталды

Бұл туралы оның адвокаты Жалғас Сапарханова мәлімдеді. Журналист қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылды. Айта кетейік, ол ұзақ уақыт бойы тергеу изоляторында болды. «Жақында маған Алматы облысының арнайы прокуратурасы жүгінді. Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша шешім шығарылды. Іс қозғалды және Думан жәбірленуші деп танылды. Біз азаптау ісі бойынша тергеу келесі аптада басталады деп күтеміз», — деді…

Толық оқу

Қамаудағы белсенді Думан Мұхаметкәрім суицид жасамақ болған

Қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрім түрмедегі жағдайына президент пен құзырлы органдардың назарын аудару үшін суицид жасамақ болған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz — ке сілтеме жасап.  Бұл туралы ол Тоқаевқа жазған ашық хатында баяндаған. Оның сөзінше, осы уақытқа бірнеше рет аштық жариялап, қолын кессе де биліктің назарын өзіне аударта алмаған.   – 22.06.2023ж. күннен бері заңда…

Толық оқу

«Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық» — Думан Мұхаметкәрімге байланысты жауапты орган түсініктеме

Жетісу облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті журналист Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  “Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жатқан, тергеу-қамауға алынған Думан Мұхамедкәрім мерзімді емхана дәрігерлерінің тексеруінен өтті, оның нәтижелері бойынша денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды. Бұдан басқа, медициналық персонал тергеудегі адамның денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді”, – деп жазды құзырлы…

Толық оқу

«Жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін» — Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы ауырлады

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның сөзінше, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.   «Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен», — деп жазды ол.   Айта кетейік, Думан Мұхамедкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны…

Толық оқу