Елімізде қаржы пирамидасынан зардап шеккендерге 4,6 миллиард теңге қайтарылған
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Дмитрий Малаховтың баяндауынша, қылмыстық жолмен түскен кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласында 5,7 мыңнан астам тұтынушымен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған. Криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған. 49 заңсыз майнер әшкереленген. Қазір оларға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр….