Актер Леонардо ДиКаприо Қазақстандағы киіктер жайлы жазба жариялады
Голливуд актеры киіктер жайлы пост жазған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. «Осынау теңдессіз қалпына келтіру жұмыстары Қазақстанда киіктердің популяциясы сақталғанын көрсетеді. 2005 жылы ғана 48 мың бас болған киіктің саны қазір 1,9 миллионнан асты. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті белсенді қамтамасыз етуге және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат салған Қазақстан үкіметін құттықтаймыз….