Қазақстанда электронды цифрлы қолтаңба өзгереді
Фото: gov.kz «Ұлттық куәландырушы орталық» 2024 жылға жоспарланған өзгерістерімен бөлісті. Оның ең бастысы — ЭЦҚ кілті баяғыдай екі бөліктен тұрмайды, біріздендіріледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы №…