Министр қазақстандықтарды ЖИ арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары қолданылатын алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырды. Министр алаяқтардың өз атынан дауыстық хабарламалар таратып, халықты алдап жүргенін ескертіп, сақтық шараларын ұстануға кеңес берді. Фото: gov.kz Министрдің ресми үндеуі Аида Балаева өз мәлімдемесінде алаяқтардың жаңа әдіс-тәсілдерге жүгініп жатқанын атап өтті: «Құрметті достар! Соңғы уақытта белгісіз…