
Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған ер адам іздестіріліп жатыр
Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, судья Ордабаевқа үйінің автотұрағына бетперде киіп, қаруланған белгісіз біреу келген. Ол өлтіремін деп қорқытып, судьяны көлікке мінгізіп, елсіз жерге алып кеткен. Сосын Ордабаевқа отбасы, балалары мен туыстары туралы ақпарат бар екенін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен….