Оралдағы кофехананың ашылуында халық бір-бірін таптап кете жаздады (ВИДЕО)

Желіде Оралда кофехананың ашылуында түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ашылу салтанатына жүздеген адамның жиналғанын көруге болады. Кеш жақсы басталғанымен соңында жиналған халық бірін-бірі таптап кете жаздады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.  Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, аталған жағдайға елімізге танымал блогерлердің келуі себеп болған. Жиналған жұрт арасында жүрген балаларға мән…

Толық оқу

Елді бопсалаған екі блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Pixabay Түркістан облысында полиция бопсалау дерегіне қатысы бар күдікті 2 блогерді ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Түркістан облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады. «Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар жәбірленушінің…

Толық оқу

Танымал блогер жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды 

Фото: Azattyq Rýhy  Түркістан облысында телекоммуникация құралдары мен желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 63 жастағы блогер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Жетісай аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап. Үкімдегі мәлімет бойынша, 2023 жылдың шілдесінде ер адам YouTube-те жеке арнасын ашып, бейнежазбаларды тарата бастаған. Алайда ол таратқан ақпараттың дәлелі болмаған,…

Толық оқу

Танымал блогерге тіл тигізген стендап-комик қамауға алынды (ВИДЕО)

Стендап-комик Нұрасхан Басқожаевқа ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті. Сот анықтағандай, айыпталушы Нұрасхан Басқожаев ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Сот айыпталушыны…

Толық оқу

Белгілі блогер сот шешімімен некесіз туған баласына алимент төлеуге міндеттелді

Фото: Instagram/darhanzholshybekov Танымал блогер Дархан Жолшыбековтің бұрынғы сүйіктісі некесіз туылған қызына алимент өндіру мақсатында Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінгені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Айдана Сапарбекова Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Дархан Жолшыбековтің танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да…

Толық оқу