Премьер-министр ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесті. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Үкіметі мен ДДҰ-ның Денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі бірлескен жұмысын талқылады. Атап айтқанда, 2024-2025 жылдарға арналған екіжылдық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде қазіргі уақытта денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізу, халықтың денсаулығын жақсарту және…