
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды
15 наурыз 2025 жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Васильевна Жұмаділдаева 59 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Өмірбаяны Наталья Жұмаділдаева 1965 жылы 29 наурызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1987 жылы еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ол Қызылорда қаласындағы №112…