Қазақстан әуежайлары маңында 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген
Елімізде әуежайлардың жанындағы жер учаскелері заңсыз сатылған. Бұндай фактлер төрт қалада анықталған. «Бас прокуратураның тексеріс жүргізуі барысында әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жергілікті атқарушы органдардың 1 200-ге жуық учаске бергені анықталды. Оларда 900-ден астам ғимарат салынған. Сондай-ақ, аэродром маңындағы аумақтарда, әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектілерді салу фактілері бар. Заңсыз құрылыс салу бойынша…