
Маңғыстауда 4 жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті
Фото:ivteleradio.ru Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бала түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді және ол дәрігерлердің бақылауында. Төтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.