
Боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. “Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды”, – делінген министрлік хабарламасында. Министрлік өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқық бұзушылық және ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс…