Елімізге Башқұртстанның басшысы Радий Хабиров келді
Бүгін елімізге Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров келді. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде президент Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастықтың елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Осы орайда Башқұртстан Республикасы ерекше рөл атқарады. «Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қарым-қатынасқа тың серпін беру тұрғысынан алғанда, бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп…