Бас Мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото: muslim.kz Бас мүфти және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен…