Тасқынның келесі толқынына дайындық: Бектенов Оралға барды

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Үкімет басшысы өңірге барысымен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар, Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.  

Толық оқу

Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Бішкекте Қазақстан Үкіметінің басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады. Олжас Бектенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан Үкіметі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерді жұмсауға дайын екенін білдірді. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент…

Толық оқу

Кәсіпкерлер бизнес ашу үшін колонияға барды

Кәсіпкерлер сотталғандарға жұмыс орнын ашу үшін елорда колониясына барды, деп хабарлады Polisia.kz. «Еңбек-Аршалы» РМК филиалындағы объектілерде жұмыс орындарын ашу бойынша пилоттық жоба аясында Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров, прокурордың орынбасары А. Сүлейменова, «Еңбек-Аршалы» филиалының директоры А. Бақтыбаев Астана қаласының ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеме әкімшілігімен бірлесіп, мекемеде кәсіпкерлермен кездесті. Оларға мекеменің өндірістік орындары таныстырылды. Сондай-ақ «Еңбек-Аршалы»…

Толық оқу

Қазақстан мен Әзербайжан басшылары атақты Шуша қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Шуша қаласына барды. Екі ел президенттері Қарабақ тау жотасының баурайында орналасқан қаланың бас жоспарымен танысты. Содан кейін олар аймақтың көрнекті жерлерін, оның ішінде орталық алаңды, «Саатлы» мешітін, тау қыратындағы «Джыдыр дюзю» алаңын, «Бюль-Бюль» мұражай-үйін, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрмені және тағы…

Толық оқу

Президент Әзербайжанның Физули қаласына барды

[Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды. Физули қаласының әуежайында мемлекет басшысын Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады. Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа…

Толық оқу