
Қазақ балуаны Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды
Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті. Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат…