Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігінде жеңіспен бастады
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Қарағанды қаласында өтіп жатқан ел біріншілігінде 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төрехан алғашқы жекпе-жегінде ақмолалық боксшы Айбек Төлегеновпен жұдырықтасып, басымдық танытты. Төреханның кәсіби әрі шеберлігі жоғары дайындықпен келгені анық байқалды. Төрехан…