Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы өрттің неден шыққаны белгілі болды
Төтенше жағдайлар министрлігі терминалдың электр қалқанында өрт шығып, түтін шыққанын мәлімдеді. Өрт 10-15 шаршы метр электр сымдарын шарпыған, бұл №2 терминалдың серверлік бөлмесінде болған. Өрт 08:24-те сөндірілді. Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. Алайда әуежайдан ұшатын 18 рейс кешіктіріліп жатыр. Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталған соң рейстер қалыпқа келтіріледі….