Астанадағы ұлттық пантеонның атауы өзгермек
Астанада орналасқан ұлттық пантеонның атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Қаналимовтың айтуынша, ұлттық пантеон жобасы әлі аяқталған жоқ. Алда құрылыстың екінші кезеңі бар. «Пантеонның атауын өзгерту туралы ойланатын шығармыз. Қазақ тілінде бұл атау сәйкес келмейді. Бірақ бұл министрлікпен және…