
3 жасар бала Түркиядан Қазақстандағы туған анасына қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР азаматы 3 жасар қыздың өз анасына оралғаны туралы хабарлады. Баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. «Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті органдар осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сондай-ақ, көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді….