Бірнеше ауылдың ақшасын жымқырған «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметкері 5 жылға сотталды
Алматы облысында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның қызметкері 4 жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырып келген, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беріп, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. …