Үкімет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жүргізіліп жатқан аудиттерді жедел аяқтауды тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында болған жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап. Бірінші кезекте Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндауынша, кеше сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспаның тұтануы болған. Жедел әрекет ету шеңберінде…