
Алматыға жақын жерде 5,3 балдық жер сілкінісі болды
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 10 сәуірде сағат 23:53-те жер сілкінісін тіркеді. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 487 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. MPV Магнитудасы 5.3. Жер сілкінісінің координаттары – 41,71° с.б. 82,48° ш.б. Тереңдігі –10 км. Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы…