Инвестор 3 жылдан астам уақыт бойы әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған

Инвестор 3 жылдан астам уақыт бойы әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған. Жамбыл облысының Байзақ ауданында сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, сондай-ақ ірі қара малын күтіп-бағу бойынша инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. «Нұрлы-жай» шаруа қожалығы жобаға 400 млн теңгеге жуық инвестиция салған. Кәсіпкер – облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Алайда инвестор 3 жылдан астам уақыт бойы…

Толық оқу

Қарағандыда үлескерлер миллиондаған қаражатын салып баспанасын ала алмаған

Қарағандыда үй құрылысына миллиондаған қаражатын салып баспанаға жете алмай жүрген үлескерлер шу шығарды. Жиналғандар, шенеуніктер мен құрылыс компаниясы арасындағы келіспеушіліктің зардабын тартып отырмыз дейді. Себебі баспана құрылысы сәулет басқармасының рұқсатынсыз тұрғызылған. Оның үстіне үлескерлерді тартуға да құқы болмапты. Сондықтан басқарма баспананы бұзуды талап етіп сотқа арызданған, деп хабарлады КТК арнасы. Құрылыс компаниясының кеңсесіне жиі жиналатын…

Толық оқу

Несиесін төлей алмаған 12 азамат өз-өзіне қол жұмсаған

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Әрине, несиені рәсімдеу кезінде адам оны қайтара ала ма, жоқ па – ойлануы керек, бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендігіне байланысты адамдар алды-артын бағамдай бермейді. Салдарында қарызы көбейіп, оны төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда несие алушылар тек суицид қана емес, түрлі қылмыстар жасаған…

Толық оқу

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын тиімді игере алмаған органдар мен өңірлерді атады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.   «Жергілікті бюджеттердің кірістері 121,7%-ке атқарылды және 3,1 трлн теңгені құрады. Жоспар 552 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 504 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды», — деді…

Толық оқу