
Ақтауда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Ақтау қаласының прокуратурасы алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды….