
Қымбат Досжан маңызды мәлімдеме жасады
Белгілі тележүргізуші, журналист Қымбат Досжанның атынан алаяқтар әлеуметтік желіде жарнама жасаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы Қымбат Досжан өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеме жасап, оқырмандарын абай болуға шақырды. «Қымбатты достар! Каспипрофит жайлы хабарласып сұрап жатқан оқырмандарыма айтарым, менің бұл жарнамаға қатысым жоқ… Сенбеңіздер! Бұл — алаяқтық», — деп жазды журналист. Фото: instagram.com/kymbatdoszhan