Тоқаев: Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуі тиіс
Фото: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Кеңейтілген отырыста Қазақстанның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілген. Алайда, бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен…