Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан студенттер ұсталды
Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан студенттерден құрылған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбе қаласында колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған. «Адамдар тобымен жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі…