
Бектенов су басқан аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуді тапсырды
Атырауда премьер-министр Олжас Бектеновтің жетекшілігімен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті. Оған бейнеконференцбайланыс режимінде министрліктер мен облыс әкімдіктерінің басшылығы қосылған. Су тасқыны жағдайы тұрақталғанша өңірлерге жіберілген вице-премьерлердің су тасқынына байланысты қазіргі ахуал туралы баяндамалары тыңдалған. – Бүгінгі таңда 10 облыста: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай,…