Жамбыл облысында әкім орынбасары малшыны ұрып-соққан
Жамбыл облысы Қордай ауданында әкім орынбасары үш ағасымен малшыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі растады. «9 шілдеде Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны Қ. Ақыпов дене жарақатымен полицияға шағымданған. Ол өзін әкім орынбасары Қ.Бақаевтың ұрғанын айтқан. Ақыпов Бақаевтың ағайындарының малшысы болып жұмыс істеген», — дейді облыстық әкімдік. Облыстық полицияның мәліметінше…