
Алматыда қалалық аурухананың жанынан әйелдің мәйіті табылды
Фото: Pixabay Әлеуметтік желіде Алматының №1 қалалық емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Алматы қаласының Полиция департаменті аталған фактіні растады. — Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді, — деп хабарлайды…