Таңғы саудада доллар бағасы арзандады

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 — 530 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 528 теңге. Еуро 545 — 550 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 515 теңге, сатып алу құны – 530 теңге. Еуро 544 теңгеден сатылып, 554 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,02 — 5,12 аралығында саудаланып жатыр.