Тағы бір спортшы басшылық қызметке тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына Бақдәулет Сәбитов тағайындалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бақдәулет Маратұлы 1992 жылы 6 сәуірде Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша білім алған. Одан соң Шымкент университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығын оқыған. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының EMBA «Спорт менеджменті» магистрі (2024-2025) болған.

Б.Сәбитов Қазақ күресі федерациясында басшылық қызмет атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап 2025 жылдың қаңтар айына дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» РМҚК директоры қызметінде болды.

53