Тәуекел Мүсілім аяғы ауыр келіншегімен кіші қажылыққа аттанды (ВИДЕО)

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім Меккеге кіші қажылыққа аттанды. Өнер иесі бұл жолы қасиетті мекенге аяғы ауыр келіншегімен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім мен әйелі Махаббаттың Меккеге аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ерлі-зайыпты өз парақшаларында қасиетті мекеннен фото мен видео жариялап, кіші қажылыққа келгенін хабарлады.

«Алланың үйінде қонақта», — деген жазба қалдырды актер.

Желі қолданушылары ниет етіп Меккеге барған жұлдызды жұпқа тәнті болып, оларға жылы лебізін жаудырды.

«Ниеттеріңіз қабыл болсын», «Қандай керемет жұп. Көз тимесін», «Баршамызға бұйырсын», «Нағыз арман деп осыны айту керек. Жарайсың, бауырым», «Қабыл болсын. Бізге де нәсіп етсін», «Бақытты болыңыздар», — деп жазуда көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТАУЕКЕЛ МУСИЛИМ (@mussilim)