Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Белгілі әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде әкесіне арналған бағалы сыйлықты көрсетті. Белгілі болғандай, сағатты оған жездесі Тұрсын Алагөзов пен апасы Баян Алагөзова тарту еткен, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Instagram парақшасында жарияланған видеода Аша Матай әкесіне Cartier Santos үлгісіндегі сағатты табыстап жатқан сәт түсірілген. Қымбат сый туған күн құрметіне берілген.
«Бұл – Тұрсын жезде мен Баяшка тәтеміздің сыйлығы»,– деп туыстарын белгілеп, алғысын білдірген Аша.
Айта кетейік, сағат фирмалық қорапта ұсынылған Болжам бойынша, модельдің бағасы 6 800 АҚШ долларынан басталады
Сондай-ақ, бейнежазбадан жылы қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің қуанышы байқалады.