Түркияда жер сілкінісі кезінде 200-ден астам адам жарақат алды

Mehmet Kacmaz / Getty Images

Екі күн бұрын Малатия өңірінде болған 5,9 балдық жер сілкінісі кезінде 200-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Олардың көбі зілзала кезінде жоғары қабаттан секіріп немесе баспалдақтан құлап кеткен. Тоғызы қазір ауруханада жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, жер сілкінісі 16 қазанда таңертең Малатиядан 44 шақырым жерде болған.

Магнитудасы 6.0 балл болатын жер асты дүмпулерінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте жатты. Олар Малатия, Диярбакыр және Элазиг провинцияларында сезілді.

44