Фото: canva.com
Ердоған қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тіледі.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы шипажайында болған өртке байланысты 22 қаңтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Anadolu агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, елде және шетелдегі елшіліктерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі.
Еске салайық, 21 қаңтарға қараған түні Карталкая тау-шаңғы шипажайында болған өрт салдарынан 66 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған.
61