Түркияда қуатты жер сілкінісі болды

Фото: Elements.envato.com

Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен соң сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Күшті жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10:46-да Малатия провинциясынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған. Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жөнінде ақпарат жоқ.

65