Түркияда тағы да қуатты жер сілкінісі болды

Түркияда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді.

Түркия үкіметінің Табиғи апаттарды басқару мекемесінің (AFAD) мәліметінше, 27 сәуір күні кешке елдің оңтүстік-шығысында 4,9 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 400 мыңға жуық адам тұратын провинция орталығы Элязыгтен 44 шақырым жерде орналасқан Сивридже округінде болды.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:09-да болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 11,3 шақырым тереңдікте болған.

Провинция губернаторы Нуман Хатипоглу X әлеуметтік желісінде «Қазіргі уақытта апаттың жағымсыз салдары туралы ешқандай ақпарат жоқ» деп хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны хабарланған.