Түркістан облысының тұрғыны 12 жасар қызға азғындық әрекеттер жасаған

Фото: Pixabay

Медеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде білім алатын 6-сыныптағы оқушы қызбен танысқаны анықталды.

Кейіннен, бейнебайланыс барысында зорлық-зомбылық қолданусыз, ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты, — деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасынан.

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.