Төрехан Сабырхан (67 келі) бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты.
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ол кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңді.
Дүбірлі додада ширек финалда өзбекстандық Акбар Ахмадов, черногориялық Милош Роганович пен ауғанстандық Самир Хамдамды тізе бүктірді.
Ал жартылай финалда қытайлық боксшыны қапы қалдырды.
Айта кетсек, Төрехан Сабырхан — еліміздің жастар құрамасының капитаны.
90