«Тұрғындар наразылық білдіруде»: Аягөз тұрғындары жылусыз қалды

Абай облысының әкімдігі 16 қазан күні жылумен жабдықтау тек 1 сағатқа жүргізілмегенін айтты. Дегенмен бұл уақытта қазандықтар жұмысын тоқтатпаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Тұрғындар келеңсіз жайтқа тап болғандарына наразылық білдіруде.

«16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтаудың авариялық ажырауы болды. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақау сағат 16.00-де толық жойылды, қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтырылуда. Барлық нысандар толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген», делінген Абай облысы әкімдігінен.

70